«Талисман» салоны шетелдік делегацияларды қабылдай отыра, оларға Астана қ. ұлттық кәдесыйлардың кең таңдауын ұсынады. Біз астана қонақтары мен тұрғындары үшін есте қаларлық сыйлыққа айналатын айрықша бейнелі және өзіндік ерекшелігі бар бұйымдарды мұқият таңдаймыз.
Өз миссияларының бірі ретінде «Талисман» салоны Қазақстанның суретшілерін қолдау мен дамытуды алып отыр. Біздің дүкендердің желісі әртүрлі стилдер мен жанрлардағы суретшілердің туындыларын назарларыңызға ұсынады.
Жаппай шығарылатын бұйымдармен қатар, біздің салондардан сіз Қазақстан зергерлерінің ұлттық нақыштағы авторлық жұмыстарын таба аласыз.
«Талисман» салоны зергерлік шеберханасының негізі 1998 жылы қаланды. Осы уақыт аралығында зергер шеберлер зергерлік өнер саласында көптеген тәжірибе жинақтады.